Синоптиктер: 6 ақпандағы ауа райы құбылысын солтүстік антициклон айқындайтын болады

Алдағы бейсенбіде, 2025 жылы 6 ақпанда Қазақстан тұрғындарын ауа райы бойынша қандай тосын сыйлар күтіп тұр? Мұның жайын Zakon.kz тілшісі синоптиктерден біліп-көрді.
"Қазгидромет" РМК ұсынған деректер бойынша солтүстік антициклоны Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райы құбылысын айқындайтын болады. Осыған байланысты ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.
"Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты аздап қар жауады, ал қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтіледі", делінген синоптиктер болжамында.
Сондай-ақ, Қазақстан бойынша ортақ табиғи құбылыс тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болмақ, ал солтүстік-батыста, солтүстікте жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Бұған дейін Жапонияда қалың қар жауып, тыныс-тіршілік бір сәтке тоқтағанын хабарлаған едік. Мұнда табиғаттың ерекше мінезінен мектеп жабылып, көлік қозғалысы тоқтаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript