Дәрігерлер дабыл қағуда: Астанада қыс мезгіліне қарамастан балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілеуде

Ведомство ақпаратынша, жыл басынан бері терезеден құлаудың үш жағдайы тіркелген. Қайғылы оқиғалардың басты себебі ата-аналардың бүлдіршіндердің әрекетіне зер салмауы.
Астананың №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жарақат пунктінің меңгерушісі Баймаханбет Сәдуов оқыс оқиғалардың салдарының қандай болатындығын айтып берді.
"Жыл басынан бері аурухананың реанимация бөліміне екі бала әртүрлі жарақаттармен және сүйек сынықтарымен ауыр жағдайда түсті. Қажетті емдеу шараларынан кейін олар медициналық қызметкерлердің бақылауымен травматология бөліміне ауыстырылды. Көбінесе құлаған кезде балалар омыртқаның, қолдың және аяқтың сынуын, бас миының жарақатын және ішкі ағзалардың жыртылуынан зардап шегеді". Баймаханбет Сәдуов
Медицина қызметкері ересектерді терезелері торланған болса да, балаларды үйде жалғыз қалдырмауға шақырды. "Балалардың бір минут назардан тыс қалуы қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін",- деп атап өтті дәрігер.
Аурухананың мәліметінше, 2024 жылы балалардың терезеден құлауының 63 жағдайы тіркелді, оның ішінде 33 бала стационарға ауыр жағдайда жеткізілді. Төрт жағдай өліммен аяқталды.
Бұл ретте, ел тұрғындарына қарапайым қауіпсіздік ережелері туралы еске салынды:
- Балаларды ешқашан терезесі ашық немесе балкон есігі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмаңыз.
- Балалардың терезеде тұруына жол бермеңіз.
- Терезенің жанында жиһаз заттарының болмауын тексеріңіз, олардың көмегімен балалар терезеге көтеріле алады.
- Мүмкін болса, терезелерді олардың ашылуын болдырмау үшін арнайы құлыптау құрылғыларымен жабдықтаңыз.
Балалардың жарақаттануының алдын алу саласындағы мамандар москит торлар жайлы есте сақтар фактпен бөлісті.
"Моксит торлардың конструкциялары салмақ жүктемелерін көтере алмайды. Ол тек балалар үшін қауіпсіз тәрізді көрінеді. Олар тіпті кішкентай баланың салмағын да көтере алмайды",- деп қорытындылады дәрігер.
Бұған дейін Ақтөбе облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың "әлеуметтік" газды ұрлағаны хабарланған болатын.