Қазақстан мен Венгрия арасында жаңа әуе қатынасы ашылады

Самолет президента РК, самолет президента Казахстана, самолет президента Республики Казахстан, самолет президента, самолет Токаева, прибытие президента РК, прибытие президента Казахстана, прибытие Токаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2025 12:44 Фото: akorda.kz
ҚР Көлік министрлігі 2025 жылғы 6 ақпанда жаңа әуе рейсіне байланысты жағымды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратынша, жаңа рейс Венгриямен әуе қатынасын орнатады.

"2025 жылдың 27 мамырынан бастап "SCAT" қазақстандық әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер "Boeing 737" үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады".ҚР Көлік министрлігі

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

"ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде",- деп қорытындылады ведомство.

Бұған дейін Парижге Олимпиада алауы оралатындығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: