Петропавлға қоныс аударшылар мемлекетке қарызын қайтаруға міндетті

Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударып, қайта көшіп кеткен 400-ге жуық адам сот арқылы мемлекетке 375 млн теңге көтермеақы қаражатын қайтаруға міндеттелді.
Олардың барлығы 2023-2025-жылдары мемлекеттік көші-қон бағдарламасына қатысқан азаматтар. Тағы 70 қоныс аударушыға қатысты арыз сотта қаралады.
34 адаммен медиативтік келісім жасалып, олар алған ақшаны өз еркімен қайтаруға келіскен.
2016-жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірден 20 мыңға жуық адам көшіп келген. Биыл тағы мыңға жуық отбасыға квота бөлінеді.
"Олардың қайту себептері әртүрлі. Ауа райының қолайсыздығы бар, денсаулық жағдайы бар. Солтүстік Қазақстан облысы бізде республика бойынша ең жалақысы төмен болғандықтан, елдеріне қайтадан қайтып кетеді." Гүлғайша Ілиясова, Еңбек мобильдік орталығының бөлім басшысы
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript