Қостанайлық тұрғын күйеуі опасыздық жасағаннан кейін тарологты сотқа берген

Қостанайлық тұрғын күйеуі опасыздық жасағаннан кейін тарологты 100 мың теңгеге сотқа берген , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2025 16:32 Сурет: pexels
Қостанайлық тұрғын жұбайының көзіне шөп салғанын біліп қойған. Дел-сал күйге түскен әйел отбасының болашақ тағдырын білу үшін тарологтың көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Эзотерик өзінің кеңесін онлайн режимінде өткізген. Сеанс барысында карталар келесі болжамды көрсеткен: ер адам қателігін түсініп, отбасында қалады, ерлі-зайыптылар әрі қарай бақытты өмірлерін жалғастырады. "Маман" бұл  жұмысы үшін 100 мың теңге алған. 

Өкінішке орай, маңдайға басқа тағдыр жазылған болып шықты. Опасыздық жасаған ер адам ақыр аяғында әйелді тастап кеткен. 

Не күйеусіз не ақшасыз қалған тұрғын, тарологты сотқа беріп, қаржысын қайтармақ болған. 

"Тараптардың уағдаластығына сәйкес, тиісті нәтиже болмаған жағдайда жауапкер толық соманы қайтаруы тиіс болды. Алайда таролог түрлі себептерді сылтау қылып,  қаражатты қайтармаған".  Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы Ләззат Байғожина

Нәтижесінде, заң әйелді қорғады. Таролог қаражатты қайтаруға міндеттелді және үкім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: