Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайлық жігіт анасы мен әпкесіне пышақ ала жүгірген

Қостанайлық жігіт анасы мен әпкесіне пышақ ала жүгірген , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2024 10:51 Сурет: pixabay
Қостанайлық 21 жастағы жігіт әпкесі мен анасына суық қарумен шабуылдады. Ол осы әрекеті үшін психиатриялық ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алау" ақпаратынша, екі әйелге пышақ салу фактісі бойынша полиция 21 жастағы жігітке қатысты қылмыстық іс қозғады. Сот процесінде оның 62 жастағы анасы мен 37 жастағы әпкесіне жарақат салғаны анықталды.

"Зардап шеккендер амбулаториялық ем алуда. Қазіргі уақытта күдікті облыстық психиатриялық ауруханаға жатқызылды. "Екі адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

Айта кетейік, 25 шілдеде ҚМДБ мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Қостанай облысының имамына қатысты мәлімдеме жасады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: