Еліміздің қай аймағына қоныс аударушылар мемлекеттік қолдау ала алады

Алматы-1, вагоны, железнодорожный вокзал, железная дорога, ЖД вокзал, поезд, пассажиры, расписание поездов, КТЖ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2025 14:38 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2024 жылдың қорытындысы бойынша ерікті қоныс аудару аясында жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 8 950 адам, оның ішінде 3 000 қандас және 5 950 қоныс аударушы көшіп келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы 2025 жылдың 11 ақпанында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Ведомство барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілгендігін атап өтті.


"Қоныстандыру өңірлері бөлінісінде Павлодар облысына – 3 422 адам, Солтүстік Қазақстан облысына – 2 547 адам, Қостанай облысына – 1 020 адам, Шығыс Қазақстан облысына – 781 адам, Ақмола облысына – 537 адам, Абай облысына – 530 адам, Ұлытау облысына – 70 адам, Қарағанды облысына – 43 адам қоныс аударды",- делінген ақпаратта.

Қоныстану аймақтарына көшкен қандастарымыз негізінен Моңғолиядан – 1 072 адам, Өзбекстаннан – 908 адам, ҚХР – 762 адам, Ресейден – 164 адам, басқа елдерден – 94 адам келген.

Келушілер қатарынан еңбекке қабілетті жастағы 4 279 адамның (қоныс аударушылар мен қандастар) 2 721-сі тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 207 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысуда, бизнес ашу үшін 25 адам грант алды.

Қоныс аударушылар мен қандастар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп және т.б. салаларыға жұмысқа орналасты.

Қоныс аударған кейіпкерлердің бірі – Сүлейменовтер отбасы, олар қоныс аударғаннан кейінгі өмірлеріндегі оң өзгерістерімен бөлісті.

"2023 жылы облыстық қоныс аудару квотасына енгізілгеннен кейін олар Маңғыстау облысынан Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласына қоныс аударған. Отбасының әрбір мүшесіне қоныс аударуға 1 690 500 теңге көлемінде материалдық көмек түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді, сонымен қатар экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша тұрғын үй сатып алдық. Біз көшуге шешім қабылдағанымызға және қоныс аударушыларға жұмыс іздеуге көмектесетін, алғашқы материалдық көмек көрсететін мемлекет тарапынан осындай бағдарлама бар екеніне өте қуаныштымыз", – деді отағасы Жанболат Сүлейменов.

Жанболат пен жұбайына Тайынша ауданының мансап орталығы жұмысқа орналасуға көмек көрсетті.

Еске салсақ, ерікті қоныс аудару аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:

  • отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде көшуге арналған бір реттік субсидия;
  • отбасы мүшелері саны мен елді мекенге байланысты 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 12 ай ішінде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау;
  • қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
  • жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
  • экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру.

Сонымен қатар, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.

Бұған дейін Қазақстанда ет неге қымбаттағаны жайлы жазған болатынбыз. Бұл жайлы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанда ет бағасының өсуі Тәжікстан мен Өзбекстан тарапынан сұраныстың жоғары болуына байланысты екенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: