Сапаров министрлік ауыл шаруашылығын жоюға тырысады деген айыптауларға жауап берді

Айдарбек Сапаров , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2025 16:17 Фото: primeminister.kz
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2025 жылғы 11 ақпанда Үкіметте өткен брифингте еліміздегі фермерлердің "министрлік Қазақстандағы ауыл шаруашылығын өлтіруге тырысуда" деген мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері астық өсірушілердің өздерін де тамақпен қамтамасыз ете алмайтындығы жайлы шағымдарын жеткізді. Кейбіреулердің пікірінше, Министрліктің саясаты елдегі ауыл шаруашылығын өлтіруге бағытталған.

"Айтыңызшы, бұл қандай шаруашылық, біз қандай шаруашылықты өлтірмек екенбіз? АШМ тек мемлекеттік қолдау көрсетеді, бағдарламаларды әзірлейді, жетілдіреді және арттырады", – деп жауап берді министр.

Ол фермерлердің 90%-ы Ауыл шаруашылығы министрлігінің саясатын, соның ішінде ведомствоның пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудан бас тартуын қолдайтынын атап өтті.

"Егер фермер жергілікті жерде жұмыс істемесе, тыңайтқыш қолданбаса, егер ол сапалы тұқыммен айналыспаса, сұрақты оған қою керек, ол неге бұл мәселермен айналыспайды... Маған шаруаның фамилиясын беріңіз, біз онымен талқылайық: бұл қай аймақта, кім мұнымен айналыспай жатыр. Біз, керісінше, тек қолдау көрсетеміз. Осының арқасында ауыл шаруашылығы бүгінде қаншалықты қиын болса да дамып келеді", – деп толықтырды Сапаров.

Бұған дейін Атырауда сиыр еті күрт қымбаттағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: