Ақтөбеде ақша бопсалаған жас жігіттер ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2025 16:55 Фото: Zakon.kz
9 ақпанда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 25 жастағы жігітті қорқытып, 2 миллион теңге бопсалаған күдіктілерді "ізін суытпай" ұстады.

Тергеп-тексеру барысында күдіктілер бұрын сотталған екі жергілікті тұрғын мен 19 жастағы бойжеткен екені анықталды.

Олар алдын ала сөз байласу арқылы жәбірленушіні бопсалау схемасын құрғаны белгілі болды. Жас жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысқан қыз оны жалдамалы пәтерге шақырған.

Кейін бұл жерге күдіктілер келіп, өздерін құқыққорғау огандарының қызметкері ретінде таныстырған.

Олар бойжеткеннің кәмелетке толмағанын және жігіттің оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскенін хабарлап, жігіттен 2 миллион теңге бопсалаған.

Ұсталғандар кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: