Ақтөбе облысында қызмет барысында көз жұмған жұмысшының туыстары еңбек комиссиясының шешіміне наразы

Ақтөбе облысында қызмет барысында көз жұмған жұмысшының туыстары еңбек комиссиясының шешіміне наразы , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 11:07 Сурет: astanatv.kz
Ақтөбе облысында қаза тапқан жұмысшының туыстары еңбек комиссиясының шешіміне наразы. Қызметкердің ұлы Асқар Құрманов инспекторларды сотқа берді. Ол тергеудің көптеген бұзушылықтармен жүргізілгеніне сенімді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдай өткен жылдың тамыз айында Ембі қаласында болған. Төрт жұмысшы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кәріз құдығына түскен, алайда олардың барлығы газбен уланып қалған. Ол жерден тек екі адам аман қалды. Арнайы комиссия ТЖ фактісі бойынша тергеуді бастады. Оның қорытындысы бойынша мамандар кінәнің 70%-ы жұмыс беруші – жергілікті коммуналдық кәсіпорында екенін анықтады. Қалған 30%-ды жұмысшылардың өздеріне жүктеген.

"Қорытындыда әкемнің қанынан 0,49 промилле этил спирті табылғаны айтылды. Бұл қалай болуы мүмкін? Менің әкем ішпейтін адам, 20 жылдан астам уақыт бойы ішімдікті аузына алмаған. Сонымен қатар, ішімдіктің болуын тек қан анализі көрсетті, зәрде табылған жоқ. Оның ағзаға қалай енгені де белгісіз. Олар құдыққа түскенде метан газы болды. Жұмыс кезінде олар газ буын жұтып қойды, мүмкін осыған байланысты талдау денеде алкогольдің болуын көрсеткен шығар". Марқұмның ұлы Асқар Құрманов

Марқұм Жұма Құрмановтың ұлының айтуынша, сол күні әкесі серіктестерімен бірге жеке қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істеген. Astana TV дерегінше олар тек арнайы жұмыс киімінде және резеңке етіктерде болған. 

Қазіргі уақытта оның туыстары сотта комиссияның қорытындысына қарсы шығуға тырысуда. Дегенмен, еңбек инспекциясы басқармасы қате болуы мүмкін емес дейді.

"Комиссия дәл осындай шешімді әдейі қабылдамайды. Медициналық сараптама жүргізілді. Қорытынды жасалды. Мәйітті ашқан кезде этил спирті табылды. Ал оның қайдан келгенін мен білмеймін. Бірақ ол мәйіттің қанында болды. Біреудің ішкен немесе ішпегеніне, мен баға бере алмаймын". Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басқармасы басшысының м. а. Талғат Искарин

Бұған дейін Жамбыл облысы ПД қызметкері Абай Үшкемпір қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: