Астанада жеделсаты ішінде шабуылға ұшыраған бес жасар баланың жағдайы туралы соңғы мәліметтер белгілі болды

Врачи, больница, поликлиника, пациенты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 13:02 Фото: Zakon.kz
Таяуда Астанадағы тұрғын үй кешенінің жеделсатысында болған оқиға қазақстандықтардың жағасы ұстатты. Онда медициналық бетперде киген жасөспірім, кішкентай балаға пышақ жарақатын салған болатын. Дәрігерлер сәтті өткен операциядан кейінгі бүлдіршіннің хәл-жайы туралы айтып берді.

Беттің жұмсақ тіндеріне бірнеше рет кесік түрінде жарақат алған бес жасар бала № 2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылған болатын.

"Балаға ота жасалды, хирургтар қан кетуді тоқтату үшін тамырларды тікті". Астана ҚДБ баспасөз қызметі

Бүгінде оның жағдайы орташа тұрақты деп бағаналуда.

"Бала белсенді, барлық қажетті ем-шараны толық көлемде алуда", – деп қорытындылады мамандар.

Еске салсақ, 11 ақпанда медициналық бетперде таққан белгісіз адам астанадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі жеделсаты ішінде кішкентай балаға пышақ жарақатын салған болатын. Полицейлер оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмағанды анықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: