"Астана" теміржол станциясында контейнер жарылды

Көлік полициясы департаменті "Астана" станциясының сұрыптау паркінің 12-ші жолында контейнердің жарылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға 14 ақпанда сағат 00:25-те болған. Қаза тапқандар жоқ, тек бір адам қолынан жеңіл жарақат алған.
"Жолаушылар мен жақын маңдағы тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ", – делінген ақпаратта.
Осы факті бойынша көліктегі полиция департаменті "теміржол көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнына дереу Департамент басшылығы барды. Арнайы жедел топ құрылып, болған жағдайдың мән-жайын зерттеуге кірісті.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.
Бұған дейін Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript