Шетелдік азаматтардың Қазақстандағы мәртебесі: тіркеу, жауапкершілік және уақытша тұру ережелері

Эмигрант, эмигранты, эмиграция, мигрант, мигранты, миграция, иммигранты, иммигрант, иммиграция, приезжий, приезжие, приезд, выезд, прибытие, вылет, переезд, прилет, аэропорт, люди в аэропорту, путешествие, репатриация, репатрианты, репатриант, кандас, кандасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 14:36 Фото: unsplash
Маңғыстау облысында есептік кезеңде 3873 шетелдік уақытша тіркеуге алынды.

Қазақстан Республикасы аумағында болу ережелерін және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берген 655 шетелдік жауапкершілікке тартылды.

Олардың 164-і елден тысқары шығарылды. Сонымен қатар қолданыстағы ережелерге сәйкес, қабылдаушы тарап шетелдіктің Қазақстанға келгені және тұрғылықты жерінің өзгергені туралы көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті.

Бұл талап шетелдік азамат келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде орындалуы қажет. Хабарламаны уақытылы бермеу қабылдаушы тарапқа 10-нан 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Егер бір жыл ішінде бұл ереженің қайта бұзылғаны анықталса, шақыруларды рәсімдеуге 1 жылға тыйым салынады.

Уақытша тұруға рұқсат келесі мақсаттар үшін 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі:

  •  Еңбек қызметі (еңбек шарты негізінде);
  •  ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ) елдері үшін жұмысқа рұқсат немесе еңбек патенті негізінде;
  •  Бизнес-иммигрант ретінде кәсіпкерлік қызмет;
  •  Отбасымен қосылу;
  •  Оқу, емделу, миссионерлік қызмет.

Қазақстаннан шыққан жағдайда, уақытша тұруға рұқсат өзінің ресімделген мерзімінің соңына дейін жарамды болып қалады. Елге қайта кірген кезде, оны қайта рәсімдеудің қажеті жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: