Скляр Қызылордадағы әуежайдың жаңа терминалындағы жұмыстармен танысты

Скляр Қызылордадағы әуежайдың жаңа терминалының жұмысымен танысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 17:15 Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярды аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев "Қорқыт Ата әуежайының" жаңа терминалының жұмысымен таныстырды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Абайұлының қатысуымен 2024 жылы 12 қарашада "Қорқыт Ата әуежайының" жаңа терминалы ашылды. Жобаны іске асыруға "Болат Өтемұратов қоры" 16,6 млрд теңге инвестиция салды, жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді", - деді Н.Нәлібаев.
Скляр Қызылордадағы әуежайдың жаңа терминалының жұмысымен танысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 17:15

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әуе айлағының өткізу мүмкіндігі 7 есе, яғни жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін артты. Жаңа терминал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

Скляр Қызылордадағы әуежайдың жаңа терминалының жұмысымен танысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 17:15

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінде "Қорқыт Ата әуежайы" арқылы "AirAstana", "Fly Arystan" және "Qazaq Air" әуе компаниялары аптасына 26, атап айтқанда Астана қаласына 16, Алматыға 10 рейс орындауда.

Скляр Қызылордадағы әуежайдың жаңа терминалының жұмысымен танысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 17:15

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Скляр Қызылордадағы әуежайдың жаңа терминалының жұмысымен танысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 17:15

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Роман Скляр жаңа терминал аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, сауда-саттық көлемінің өсуіне оң септігін тигізетінін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: