Балабақшада 2 жасар бала орындықтың шетіне басын ұрып алған: ата-анасы сот арқылы моральдық залал өндіріп алды

Детский сад, детский садик, дети, ребенок, детсад, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2025 14:29 Фото: pixabay
Астанада екі жасар бүлдіршін балабақшада бас жарақатын алған. Баланың ата-анасы мекемеден моральдық залал өндіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорданың кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкесінің талабы бойынша азаматтық істі қарады. 2024 жылдың 15 тамызында бала құлап, басынан жарақат алған. Дәрігерлер баланың денсаулығына жеңіл зиян келгенін айтқан.

Мекеме басшысына ӘҚБтК-нің 409-бабы 3-тармағы (білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамның міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы) бойынша айыппұл салынды.

Әкесі балабақшадан 84 мың теңгеге жуық емдеу шығындарын және 3 млн теңгенің моральдық зиянын өндіріп алуға жүгінген.

Тәрбиеші мен тәрбиешінің көмекшісінің өз міндеттерін дұрыс орындамауына, сондай-ақ Мектепке дейінгі ұйым басшылығының тиісті бақылауының болмауынан бала серуендегеннен кейін ойын бөлмесіне жүгіріп барып, орындыққа отырғысы келген. Алайда, оқыстан тайып құлап, орындықтың шетіне басын соғып алған. Балаға медициналық көмек көрсетілді.

Балабақша мамандары баланы қалт жібергендерін мойындады және егер ата-ана емдеу шараларын растайтын чектер ұсынса, материалдық шығынды төлеуге дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, мекеме моральдық залал сомасын 100 мың теңгеге дейін төмендетуді сұрады.

Әкесінің айтуынша, бала айқайлап, төрт тігіс жасалғаннан кейін жылап, мазасызданып, жиі оянып, жара бір айға жуық емделді. Сот балабақшадан ата-аналардың пайдасына шамамен 2 мың теңге (дәрі-дәрмектің құны) мөлшерінде материалдық залалды және 350 мың теңге мөлшерінде моральдық залалды өндіріп алу туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін елімізде жыл сайын 600-ден аса баладан қатерлі ісік анықталатындығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: