Ақтауда әскери оркестр Жеңістің 80 жылдығына орай автобуста концерт ұйымдастырды

Ұлттық гвардияның 6656 ә/б әскери оркестрінде сержант Гайни Цой 15 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол тенор-саксофонында ойнайды. Цой оркестрдегі жаттығулар мерекеге қарамастан күн сайын өтетінін айтады, сондықтан Жеңіс күніне арналған репертуарды жатқа біледі.
"Біз автобуста "Катюша", "Смуглянка" және өзге де Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әндерінің попурриін ойнап, ән айтқан кезде, көптеген жолаушылар көз жасына ерік берді. Бұл өте әсерлі болды. Адамдар таңданып, бірге ән шырқады", – деді Гайни Цой.

Сурет: "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Әскери оркестрдің музыканты, кіші сержант Нұргүл Танина 12 жылдан бері соғыс жылдарындағы сүйікті әндерін орындап келеді. Оның орекстрдегі міндеті виолада ойнау.
"Соғыс жылдарындағы әндер ерекше. Менің ойымша, олар ғасырлар бойы жалғасады. Өйткені, 80 жыл өтсе де олар өзектілігін жоғалтпады", – дейді Нұргүл Танина.
Ақтаудағы ҚР Ұлттық ұланының 6656 ә/б әскери оркестрі 1967 жылы құрылды. Қазір үрмелі аспаптар оркестрінің штатында 14 музыкант бар, олардың біреуі офицер және 13 келісімшарт бойынша әскери қызметші. 2024 жылы Аслан Мұқан осы оркестрдің дирижері болды.
"Акцияның негізгі мақсаты – соғысқа қатысушылардың ерлігін мәңгі есте сақтау және болашақ ұрпаққа оларды жеткізу. Бізде әлі де көптеген жоспарланған іс-шаралар бар, соның ішінде әскери оркестрмен, мысалы, мектептердегі ерлік сабақтары, монументтерге гүл шоқтарын қою, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне бару", – деп толықтырды ҚР Ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник Аслан Нұрғалиев.
Әскери оркестрдің музыканттары алдағы күндері қалалық автобустардың жолаушыларын, сондай-ақ қарттар үйінің тұрғындарын соғыс жылдарындағы әндермен тағы да қуантады.