Полиция жүргізушілерді жол үстінде барынша мұқият болуға шақырады

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, полиция зима, полиция зимой, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 12:07 Фото: Zakon.kz
Жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, Ақмола облысының жолдарында жол-көлік оқиғалары жалғасуда.

Мәселен, 15 ақпанда Көкшетау қаласының полициясына Звоночек аялдамасының жанында жаяу жүргіншіні соғып кеткены туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Hyundai Accent көлігін басқарған 49 жастағы әйелдің бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне жолдан өтіп бара жатқан 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені алдын ала анықталды.

Зардап шеккен студент ауруханаға сынықпен жеткізілді. Осы факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

ЖКО жиілеп кетуіне байланысты Ақмола облысында апаттылықтың алдын алуға бағытталған кең ауқымды "Қауіпсіз жол" республикалық акциясы басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: