Ақмола облысында жол апатынан полицей қаза тапты

Ақмола облысы, жол-көлік апаты, полиция қызметкері, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 17:57 Сурет: Telegram/POLICE_of_KZ
Полиция қызметкерінің жол-көлік оқиғасынан қайтыс болғаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа Ақмола облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство 17 қазанда түнгі сағат 02.00 шамасында Ақкөл қаласында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан Ақкөл аудандық полиция бөлімінің тергеушісі қайтыс болғанын мәлімдеді.

Toyota Carina жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Seat Alhambra көлігімен соқтығысқаны анықталды. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, сол көліктің екі жолаушысы мен екінші көліктің екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Seat Alhambra жүргізушісі зардап шеккен жоқ, – делінген хабарламада.

Сурет: Telegram/POLICE_of_KZ

Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы полиция қызметкерінің жеке көлігінде жұмыстан тыс уақытта болғанын хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жаңаөзендегі ерекше жағдай түсірілген видео тарады – полицей көлік тұрағында әріптесінің соңынан жүгіріп бара жатқаны түсірілген. Маңғыстау облысының полиция департаменті қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл қызметкердің әрекетін тәртіптік комиссия қарайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: