Абай облысында әйелдің сөмкесінен есірткі табылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 14:05 Фото: Zakon.kz
Абай облысында Семей қаласының 30 жастағы тұрғынынан тәркіленген ерекше "жинақ" заңсыз психотроптық заттардың айналымына қатысты ірі қылмысты тоқтатуға мүмкіндік берді.

Жедел шаралар барысында полиция қызметкерлері жалға алынған пәтерлердің бірінде тінту жүргізді. Асүй бөлмесінде тұрмыстық қоқыстың арасынан ақ түсті ұнтақ зат қалдықтары бар пакет табылды.

Қонақ бөлмесінде әйелдің еденде жатқан сөмкесінен есірткі косметикалық сөмке, таразы, қасық, бұрағыш, бос zip-lock пакеттері, қайшы мен қара оқшаулаушы лента табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат мефедрон-психотропты заты, меткатинонның (эфедронның) аналогы болып шықты.

Заттың жалпы салмағы 383,65 граммды құрайды. Күдікті әйел психотроптық затты сақтау және үлкен көлемде таратуға қатысы бар екенін мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: