Шымкенттік дәрігерлер төрт айлық сәбиге бірегей ота жасады

Шымкенттік дәрігерлер төрт айлық сәбидің өмірін сақтап қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 17:53 Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Қалалық балалар клиникалық ауруханасында төрт айлық сәбиге бірегей ота жасалды. Нәресте ауыр жағдайда тума сол жақты гидронефроз үшінші дәрежесімен ауруханаға түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, антенаталды кезеңнен бақылауда болған балаға толық тексеруден кейін күрделі отаға дайындық жүргізілді. Сәбиде бүйректің зәр шығару жолдары айтарлықтай тарылып, сол бүйректің қызметі нашарлағаны анықталған.

Балаға жоспарлы түрде сол жақты люмботомия және несепағар-түбекше сегментінің резекциясы, Хайнц-Андерсон бойынша зәр жолдары пластикасы жасалды. Ота сәтті өтті, сәби үйіне қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.

Айта кетейік, осыған дейін балалар мұндай оталарға Астана, Алматы қалаларындағы республикалық орталықтарға жіберілетін. Бір жылдан бері қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері урологиялық оталарды сәтті жасап, балаларға сапалы медициналық көмек көрсетіп жатыр. Ауруханада бүгінге дейін урологиялық 60-қа жуық операция жасалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: