Қостанайда интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетелдік азамат тұтқындалды

Қостанай облысында полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен және облыстық прокуратурамен бірлесе отырып, сим-бокстардың заңсыз қызметінің жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2025 12:01 Сурет: ҚР ІІМ
Қостанай облысында полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен және облыстық прокуратурамен бірлесе отырып, сим-бокстардың заңсыз қызметінің жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді.

Рудный қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында көрші мемлекеттің азаматы ұсталды.

Тексеру нәтижесінде оның Қазақстанға алаяқтық әрекеттер жасау мақсатында арнайы келгені анықталды. Жедел уәкілдер күдіктінің жалға алған пәтерін тінту барысында қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыруға арналған құрал-жабдықтарды тапты.

Оның ішінде виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге пайдаланылған SIM-бокс құрылғысы, интернет-маршрутизатор, екі IMEI коды бар ұялы телефон, қазақстандық ұялы операторлардың 1200-ден астам SIM-картасы, сегіз банктік карта және авиабилеттер тәркіленді.

Күдікті SIM-боксты басқару үшін Telegram мессенджері арқылы белгісіз "кураторлардан" нұсқаулар алып отырғаны анықталды.

Ол осы әрекеттері үшін күн сайын 200 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алған. Қазіргі таңда бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Рудный қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: