ШҚО-да бруцеллез дертінің ошағы жойылмай тұр

Врачи, больница, поликлиника, пациенты, анализы, сдача анализов, кровь, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 11:19 Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында былтыр малда болатын бруцеллез бен сібір жарасы сияқты түрлі жұқпалы аурулардың 10 ошағы тіркелді.

Дегенмен мамандар бұл індеттер алдыңғы жылмен салыстырғанда бірнеше есе азайғанын айтады. Қазір өңірдегі жалпы эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Тек Күршім ауданы Теректібұлақ ауылында бес ай бұрын шыққан бруцеллез ауруы әлі тыйылмай тұр, деп жазады qazaqstan.tv

Мамандар жұқпалы кесел тіркелген кезден бастап ол елдімекеннен ет өнімдерін шығаруға шектеу қойған. Қазір мал дәрігерлері осы Теректібұлақ ауылындағы төрт түлікке ем-домды жалғастырып жатыр.

"Күршім ауданында іс-шаралар жалғасып жатыр. Өйткені ірі қара малдан 15-20 күн сайын қан алынып Күршім аудандық зертханасына әкелініп тексеріледі. Неге жалғасуда? Өйткені қан серологияларынан оң нәтиже анықталып жатыр. Екі рет теріс нәтиже алғанша ветеринарлық іс шара жалғаса береді." Анар Рахманова, облыстық ветеринария басқармасының бас маманы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: