Қостанай облысының Әулиекөл ауданында бруцеллез ошағы анықталды

Сельское хозяйство, фермерское хозяйство, ферма, коровы, скот, скотоводство, крупный рогатый скот, молочная корова, молочные коровы, молоко, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2025 12:56 Фото: primeminister.kz
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында тағы да бруцеллез ошағы анықталды. Бұл жолы жұқпалы дерт Новоселов ауылындағы шаруашылықтан шықты.

Жарты жыл ішінде жүйелі түрде жүргізілген тексеріс кезінде 150 сиырдың қанынан бруцеллез таяқшасы табылған.

Қазір ветеринар мамандар шектеу шараларын енгізуді қарастырып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Ұсыныс жан-жақты мақұлданса, ауру ошағы шыққан жерден мал мен мал өнімдерін әкетуге және әкелуге тыйым салынады.

Бұған дейін осы Әулиекөл ауданындағы Калинин ауылында жүзден аса сиырдың бурцеллезге шалдыққаны анықталған еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: