Қостанай облысында ірі қара мал жаппай өңдеуге өткізілуде
Фото: Zakon.kz
Қостанай облысының Әулиекөл ауданы Новоселов ауылында бруцеллез ошағы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24KZ" телеарнасының дерегінше, ошақ ауылдағы шаруашылықтың бірінен анықталды. Ірі қара өсірумен айналысатын серіктестіктің 95 сиырынан бруцеллез таяқшасы табылған. Оның барлығы шұғыл түрде өңдеуге өткізілді. Қалған малды зерттеу жұмыстары жалғасады.
"Қазір ауылдан мал мен мал өнімдерін әкетуге және әкелуге тиым салынды",- делінген ақпаратта.
Жағдайға Қостанай облыстық ветеринария басқармасының басшысы Төлеген Иманбаев түсіністеме берді.
"Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ жұмыс жүргізуде. Екі мәрте жақсы нәтиже алғанша, 15-20 күн сайын қан алынып, зерттеу жүргізіледі"- деді ол.
Бұған дейін Жамбыл облысында ашық жатқан құдыққа сиыр түсіп кеткендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript