Қостанай облысында да дала өртеніп жатыр

Өрт Қостанай облысы Әулиекөл ауданының шекарасына жақын Б. Майлин ауылында далада басталды. Қатты жел салдарынан өрт Әулиекөл ауданына таралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жетті.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өртке қарсы құралымдар мен орман шаруашылығының жеке құрамынан 60-тан астам адам, 20-дан астам техника жұмылдырылды, сондай-ақ өрт пойызы тартылды.
Тікұшақпен аэровизуалды тексеру жүргізілді.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қатты жел жағдайды қиындатып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз