Жарқанаттардан табылған коронавирус: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Коронавирус, жарқанат, Қытай, ДСМ, мәлімдеме  , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 17:31 Сурет: depositphotos.com
2025 жылы 24 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады. Бұл ретте қытайлық ғалымдардың жарқанаттарда жаңа коронавирус тапқаны туралы ақпарат та қамтылған. Министрлік ел азаматтарына ЖРВИ мен тұмауға қарсы профилактикалық шараларды сақтауды ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында, кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында қытайлық ғалымдардың жарқанаттарда (HKU5) жаңа коронавирус тапқаны туралы ақпарат пайда болғаны, бұл жануардан адамға жұғу қаупін тудыратыны айтылады.

"Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының және Қытайдың ауруларды бақылау және профилактика орталығының ресми сайттарында бұл вирус туралы ресми ақпарат жоқ". ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бастап республикада ЖРВИ-дің 3,1 млн жағдайы тіркелгені, бұл өткен маусымның ұқсас кезеңіне қарағанда 20%-ға аз көрсеткіш екені айтылады. Осы эпидемиологиялық маусымда зертханалық расталған тұмаудың 2370 жағдайы тіркелді, бұл өткен эпидемиологиялық маусымның деңгейіне сәйкес келеді.

Аурудың алдын алу үшін келесі профилактика шараларын сақтау ұсынылады:

  • адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу;
  • үй-жайларды үнемі желдету;
  • қолды тазалау үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды пайдалану;
  • науқас адамдармен байланысты шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету.
"Коронавирустық инфекция бойынша елдегі жағдай да тұрақты болып қала береді. Жыл басынан бері елде КВИ-дің 116 жағдайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 8 есеге төмендеді. Өлім жағдайлары жоқ".ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Соңғы мониторинг деректері бойынша омикрон кіші нұсқасының айналымы анықталған.

2025 жылы 6 қаңтарда Қытайда метапневмовирус жұқтырғандар саны артқанын, оның шынымен де коронавирус секілді қауіпті ме, жоқ па, осы реттегі мамандар пікірі туралы жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: