Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалу жайына қатысты мәлімдеме жасады

Жедел жәрдем, қоңырау шалу, мәлімдеме, Денсаулық сақтау министрлігі  , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2025 20:50 Сурет: Telegram/Astana_news
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылы 5 наурызда жедел жәрдем қызметінің балама байланыс арналары туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, соңғы күндері азаматтар жедел жәрдем қызметінің 103 диспетчерінің пультіне қоңырау шалудың жекелеген жағдайлары туралы шағымданған. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы түсіндіріп өткендей, Алматы қаласында 2025 жылғы 3 наурызда сағат 23:40-тан 00:00-ге дейін (20 минут) болған "103" желісіндегі байланыстың бұзылуына байланысты оқиға бойынша техникалық сараптама жүргізілді. Қоңырау шала алмау себебі байланыс операторының E1 ағынының дұрыс жұмыс істемеуі болды.

Министрлік бұл мәселені жою үшін байланысты тұрақтандыру бойынша дереу шаралар қабылданғанын нақтылады. Қазіргі уақытта телефон байланысы штаттық режимде жұмыс істейді.

"103 нөмірін теру кезінде байланыстың бұзылуының ықтимал себебі ұялы байланыс операторының желісі бойынша ұялы байланыстың істен шығуы болуы мүмкін, сондай-ақ ұялы телефондардың кейбір үлгілері шұғыл қызметтермен байланысты қолдамауы немесе дұрыс бағытталмауы мүмкін деп ескертеді", делінген министрлік хабарламасында. 
Сондай-ақ "103" нөміріне қоңырау шалу кезінде терілетін нөмірге дейін 9 префиксін қосу керектігі ескертіледі.

Өңірлерде жедел жәрдем бригадаларын шақыру үшін келесі балама байланыс арналарын пайдалануға болатыны да айтылады. Ол туралы кең мағлұматпен мына арадан таныса аласыздар.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: