Еуропалық Одақ Қазақстанды балды экспорттаушы мемлекет ретінде бекітті

Еуропалық Одақ Қазақстанды балды экспорттаушы мемлекет ретінде бекітті, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2025 12:45 Сурет: pixabay
Қазақстандық бал енді Еуропа нарығына тасымалданады. Еуропалық Одақ елімізді балды экспорттаушы мемлекет ретінде бекітті. Жаңа регламент ЕуроОдақтың ресми журналында жарияланғаннан кейін 20 күннен соң күшіне енеді.

ЕуроОдақ бал өндіруден әлемде Қытайдан кейінгі екінші орында. Дегенмен өз тұрғындарының балға деген сұранысын тек 63 пайызға қамтуға қауқарлы.

Қалғанын шет елден сатып алады, деп жазады qazaqstan.tv.

Біздің ел 2023 жылы 4 мың тоннаға жуық бал өндіріп, оның 228 тоннасын Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері мен Иорданияға экспорттаған. Енді ЕуроОдақ елдеріне жеткізеді.

"ЕуроОдақтың 450 млн халқы жақында қазақстандық сапалы, тәтті балдың дәмін татуға мүмкіндік алады. Біз отандық өнімді Еуропа нарығына шығару жұмысын әрі қарай жалғастырамыз. Қазір кезекте ауыл шаруашылығы дақылдары мен уылдырық тұр. Сондай ақ, ет, сүт өнімдерін, осы жақта сұранысқа ие қазақтың жылқы етін Еуропаға тасымалдау бойынша жұмыс істейміз." Марғұлан Баймұхан, ҚР Бельгиядағы елшісі, Қазақстанның ЕуроОдақ пен НАТО жанындағы миссиясының басшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: