"Қызғалдақтар 200 теңгеден": 8 наурыз қарсаңында алаяқтардың бизнесі дүркіреп тұр

Жәбірленушінің айтуынша, оны бір дана үшін 200 теңге деген баға қызықтырған. Сондықтан ол бірден сатушылар көрсеткен нөмірге 600 мың теңге аударған. Алайда тауарды сол беті алмаған.
Кейінірек ондай гүл дүкенінің жоқ екендігі белгілі болды. Ал, жәбірленуші алаяқтармен сөйлескен телефон нөмір жауап беруін тоқтатқан.
Қостанай облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мұндай факт алғашқы рет емес.
Мереке күндері ақша тапқысы келетіндер үнемі онлайн-қылмыскерлердің айла-амалдарына түсіп қалып жатады. Қостанай облысының полиция департаменті мамандарының айтуынша, мұндай қылмыстар жаңа-жыл қарсаңында шыршалар мен шырша ойыншықтарына, ал 8 наурызға қарай – қызғалдақтарға қатысты көбейеді.
"Интернетте сақ болуды еске саламыз: алдын ала төлемді аудармас бұрын, тауардың бар екеніне көз жеткізіңіз", – деп кеңес береді полиция қызметкерлері.
2024 жылы тек Қостанай облысының өзінде алаяқтарға қатысты 100-ден астам талап арыз қаралған.
Бұған дейін Ақтөбеде алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан 34 кәсіпкер жауапқа тартылғаны хабарланған болатын.