Қаруланған қазақстандық бұрынғы әйелі мен балаларын ұрып, ұрлап әкеткен: әйел экс-жұбайына кешірім берді

Сот мәліметінше, 2024 жылдың тамызында К. Арқалық қаласына келіп онда бұрынғы азаматтық жұбайы мен оның кәмелетке толмаған балаларын күш көрсетіп Астанаған алып кету туралы қылмыстық ниет пайда болады.
"Сотталушы К. жәбірленуші А. тұрған пәтерге кіріп, өзінің физикалық тұрғыдан күштілігін пайдаланып, жәбірленушіге дене жарақатын келтіріп, оның қарсылық көрсетуге деген ерік-жігерін басады. Әрі қарай, К. өзінің ниетін жүзеге асыру үшін ас үй пышағын алып, оларды қорқытып, кәмелетке толмаған балаларды пәтерден күштеп шығарып, көмекке жүгіну мүмкіндігінен айыру үшін ұялы телефондарын алып кетті",- делінген ақпаратта.
Содан кейін сотталушы К. жәбірленушіні тыныштандыру үшін ас үй пышағын киімінің жеңіне салып, "InDriver" әлеуметтік желісі арқылы такси шақырып жәбірленуші А. мен балаларды ұрлап әкетеді. Кейін оны Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державинск қаласының аумағында полиция қызметкерлері Астана қаласына барар жолда ұстады.
Жәбірленуші әйел сотталушыны кешіргенін көрсетті, өйткені олардың кәмелетке толмаған балалары бар.
Сотталушы ұрлау бойынша кінәсін мойындамадады, дегенмен жәбірленушіге дене жарақатын салғанын ол үшін кешірім сұрағанын түсіндірді.
"ҚК-нің 125-бабының 2-бөлігінің санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жазаны көздейді. Сотталушының іс-әрекетінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды сот белгілеген жоқ. Сотталушының жеке басын, жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып К.-ға 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады",- делінген ақпаратта.
Осылайша ер адам ендігі 8 жылын темір тордың артында өткізеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.