СҚО-да бүтіндей бір ауылдың жері заңсыз сатылып кеткен

Земельный участок, земельные участки, земля, землевладение, участок земли, участки земли, участок, участки, территория, территории, земельная доля, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 11:05 Фото: pexels
Балуан ауылының тұрғындары ұлтарақтай жер үшін жанжалдасып жатыр. Олардың үлесін бәзбіреулер сыртынан сатып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арна" телеарнасының ақпарына сүйенсек, енді ауыл азаматтарына тиесілі 4 мың гектардан асатын жер жекенің қолында. Осыдан 15 жыл бұрын пысықайлар жалған құжат жасап, 286 адамға тиесілі 4 мың гектардан астам жерді халықтың рұқсатынсыз банкке кепілге қойған. Артынша мүлдем сатып жіберген. Салдарынан айрандай ұйып отырған ауылдың берекесі қашып, шаңырағы ортасына түсті. 360 балаға арналған мектептің есігіне құлып ілінді.

"Мектеп жабылды. Енді қаңырап, құр ғимараты ғана тұр. Прокуратураға да, сотқа да бәріне барып жүрміз. Соның ішінде мен бір жерде де әділдік көрген жоқпын...2021 жылдан бастап соттасып жатырмыз. Нәтиже жоқ. Мынау Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық сотының төрағасы ұсталды. Екінші соттың төрағасы да жемқорлықпен ұсталып жатыр. Сондықтан біз соттан ешқандай жақсылық күтіп отырған жоқпыз",- дейді тұрғындар.

Алаяқтардың 4300 гектар жерді 25 миллион теңгеге сатып жібергенін жергілікті жұрт 2020 жылы естіген. Содан бері бармаған жері, баспаған тауы қалмапты.

Бұған дейін Ақтөбеде алаяқтардың арбауына түскелі тұрған әйелді банк қызметкері құтқарып қалғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: