ҚҚС шегі төмендетілді, ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ға дейін өсті: Салық кодексіне өзгертулер енгізілді

Жаңа Салық кодексінің жобасына енгізілген түзетулердің қатарында ҚҚС шегін 3800 АЕК-ке дейін төмендету, сондай-ақ ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін арттыру бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салық кодексінің жобасында не ұсынылған:
- ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу үшін шекті мән 20 мың АЕК-тен 3800 АЕК-ке дейін төмендетілді (2025 жылы 14 941 600 теңге).
- ҚҚС ставкасы 12%-дан 16%-ға дейін көтеріледі.
- БАҚ және агроөнеркәсіп кешені ҚҚС-тан босатылды.
- Фармацевтика өнеркәсібі, медициналық қызметтер, ветеринария саласында көрсетілетін қызметтер және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС 10% төмендетілген мөлшерлемесі белгіленеді.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін дара кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары (ерекшеліктер бар) мынадай шарттарға сәйкес пайдалана алады:
- күнтізбелік жылдағы ең жоғары табыс тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 600 000 АЕК-тен (2 359 200 000 теңге) аспайды;
- осы режимді қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер болып табылмайтын) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге байланысты қызмет түрлерін ғана жүзеге асырады.
Салық кодексінің жобасында тағы не айтылғанын мына жерден көре аласыздар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript