Шымкентте үш ер адам мен бір қыз 19 жастағы тұрғыннан 3 мың АҚШ долларын бопсалаған

Шымкентте үш ер адам мен бір қыз 19 жастағы тұрғыннан 3 мың АҚШ долларын бопсалаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2025 19:56 Сурет: polisia.kz
Шымкентте бопсалаумен айналысқан жастар ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Үш ер адам мен бір қыздан тұратын топ екі 19 жастағы тұрғынды күш қолданумен қорқытып, 3000 АҚШ долларын бопсалаған.

Бірнеше мекенжайда тінту жүргізу нәтижесінде тәртіп сақшылары заңсыз әрекеттердің маңызды дәлелі болып табылатын көптеген айғақты заттарды анықтады.

Атыс қарулары мен суық қару, өзге автокөліктердің құжаттары, телефондар және есірткі тәркіленді.

Тергеу барысында топтың басқа да мүшелері анықталды. Олардың екеуі бұзақылық қылмысы бойынша, біреуі – заңсыз қару сақтағаны, тағы біреуі – есірткі қылмысы бойынша күдіктілер.

Ұсталғандардың барлығы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: