Алматыда қызметтік иттерді қолдана отырып ауқымды рейд жүрді

Алматыдағы аудандардың бірінде прокуратура мен полиция қызметкерлері иттерді қолдана отырып ауқымды рейд жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала полиция департаментінің 28 ақпандағы мәліметінше, прокурорлардың кинологиялық қызметпен және полиция қызметкерлерімен бірлескен жұмысы Әуезов ауданында және "Сайран" автовокзалында жүргізілді. Оның мақсаты – есірткі заттарын тасымалдау және өткізу орындарының алдын алу, анықтау. Автовокзалды ғана емес, үйлердің аулаларын, гараж кооперативтерін де тексерді.
"Әуезов ауданы қаламыздың халқы тығыз орналасқан аудандарының бірі болып табылатынын атап өткен жөн. Ол тіркелген қылмыстық істер бойынша екінші орында. Рейдтік-профилактикалық іс-шаралар аясында 10 гараж кооперативі, 35 қалааралық автобус қамтылды", – делінген ақпаратта.
Қала тұрғындарын құқық қорғау органдарына жәрдемдесуге, заңсыз айналым, есірткі заттарын өткізу фактілері туралы дереу хабарлауға шақырады.
Бұған дейін Астанада ер адам танысын басынан атып өлтіргендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript