Елімізде қазақтың салт-дәстүрін ұстанып, қазақ тілінде еркін сөйлейтін отбасы көп

Люди, общество, население, толпа, население РК, население Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2025 11:56 Фото: Zakon.kz
Елімізде қазақтың салт-дәстүрін ұстанып, қазақ тілінде еркін сөйлейтін интернационал отбасы көп. Ақмола облысында ұлты неміс азаматы татар қызына үйленіп, балаларына қазақы тәрбие беріп, қазақтан келін алған бірлігі жарасқан отбасы тұрады.

Сондай-ақ Кенесары ауылында орыс, қазақ, украин, түрік ұлтынан 15 баланы бауырына басқан аяулы жандар бар. Олар да балаларын қазақ мектебіне беріп, қазақы дәстүрмен тәрбиелеп отыр.

Қазақ жерінде тамырын жайып, өсіп-өнген Андрей мен Римма Штир үш ұлынан 5 немере сүйіп, шаттығы шалқыған интернационал отбасы. Құтты шаңырақ болудың сыры қазақы тәрбиеде жатыр, деп санайды. Олар тек қазақша сөйлеп, қазақтың салт-дәстүрін мықтап ұстанады, деп жазады qazaqstan.tv.

"Біз қазақ елінен келгенбіз. Орысша біле де қоймаймыз. Бәрін қазақтар сияқты істейміз. Жуырда қызымыз 1,5 жасқа келді. Қалжа той істедік. Үлкен ұлымыздың да, ортаншы ұлымыздың да тойы қазақша болды. Беташар жасап, той жасадық." Римма Штир, Ақмола облысының тұрғыны

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жәудір көздерді ұлтына қарамай, бауырына басқан ерлі-зайыпты Қабылбаевтар да балаларды қазақы дәстүрмен тәрбиелеуде. 15 баланы асырап, жеткізу оңай емес. Сондықтан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – отбасының басты ұстанымы.

Төлегеннің туған әкесі қазақ, ал анасы украин екен. Бірақ тағдыр тауқыметімен анасы қайтқан соң інісімен жетімдер үйіне түскен. Қамқорлығына алған қазіргі әке-шешесіне алғысы мол. Себебі қазақы тәрбие беріп, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін оятты.

"Қазақта мынадай сөз бар ғой – "Бала туғандікі емес, баққандікі". Әкеміз ұлтқа қарамай, бәрімізді бір шаңырақ астына жинады. Бізге қазақы тәрбие беріп, кішкентай кезімізден бастап бізге "Balapan" телеарнасын қосып, қазақша үйреніңдер, қазақша сөйлеңдер дейтін. Қазақстанда тұрып жатырмыз, патриот болыңдар деп тәрбиеледі." Төлеген Қабылбаев, Ақмола облысының тұрғыны

Мұрат Қабылбаев қамқорлығына алған балаларының алды тұрмысқа шығып, жеке үй болған. Ортаншылары студент. Ал кейін алған балалары әлі мектепте оқиды. Барлығына қабілет-қарымына қарай бағыт-бағдар беріп, өмірде өз жолдарын табуға қолдау көрсетіп отыр. Ең бастысы – бауырлар арасында ынтымақ-бірлік бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: