Маңғыстау облысында тұрғын үй сапасыз болып шықты

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға сапасыз салынған баспана берілген.
3 қабатты 30 пәтерлі тұрғын үй 2022 жылы бой көтерген. Тұрғындар жаңа баспананы қызықтап үлгермегендерін айтады.
Себебі алғашқы жаңбырдан пәтерге су кетіп, қабырғалары жарылған. Жылуы да мардымсыз, салдарынан үйдің іші көктеп кеткен, деп жазады qazaqstan.tv.
Су мен электр энергиясы да жиі өшіріледі. Ұзақ жыл тұрғын үй кезегінде тұрып, алған баспаналары осындай сапасыз болғанына қынжылады.
"2022 жылы да мәселе болды. Ағымдағы жөндеуді кішкене жасатып алғанбыз. Енді қазір сотқа беріп, 28 қаңтарда сот бізге жеңіп берді. Ағымдағы жөндеу, қайта қалпына келтіру кемшіліктерді орындауды талап етіп отырмыз. Бізге қазір бастысы – үйдің үстінгі бетін қалыпқа келтіру." Ғабит Салихов, Мұнайлы аудандық ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript