Наурыздың 4-індегі сауда барысында доллар бағамы аздап көтерілді

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 4 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 499,74 теңге (+0,43) болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,67 теңгеге (+0,32) дейін өсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 500,3-503,1 теңге, еуро 521-526,5 теңге, рубль 5,47-5,61 теңге аралығында сатылуда.
4 наурыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 1,41%-ға, барреліне 70,61 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының сәуірдегі фьючерстері 1,17%-ға арзандап, барреліне 67,57 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 499,11 теңге, еуроны 521,12 теңге, рубльді 5,58 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript