Маңғыстауда құрлыққа шығып кеткен қанша итбалық құтқарылды

Тюлени, тюлень, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2025 09:37 Фото: unsplash
Маңғыстаулық балық инспекциясының қызметкерлері итбалықтарды құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, біртіндеп ақүрпектер теңізге тасымалдануда. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Lada.kz басылымы Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының кен орындары аумағында табылған итбалықтардың ағымдағы жағдайы туралы айтқанын хабарлады.

"Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Қаражанбас кен орнына жетіп, мұнайшылар тапқан итбалықтарды тасымалдаумен айналысты", – деп атап өтті Рыбинспекция басшысының міндетін атқарушы Қонарбай Базарбаев.

Оның айтуынша, мұнайшылар 11 ақүрпек жинады. Оларды көлікке тиеп, теңізге жіберу үшін Форт-Шевченко жағалауына апарады.

"Кен орындарына жақын жағалау әлі де мұз, сондықтан біз оларды ашық теңізге апардық. Ертең тағы да екі топ далалық жерлерде қалып қойған итбалықтардың бар-жоғын тексереді",- деді Базарбаев.

Бұған дейін Алматыда қысқы маусымда 300 мыңнан астам адам тегін мұз айдындарына барғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: