Қазақстанда "еңбек сіңірген құрылысшы", "өнеркәсіп қайраткері" құрметті атақтары алғаш рет табысталды
Сурет: akorda.kz
"Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы", "Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері" құрметті атақтары алғаш рет табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанда мемлекеттік марапаттар жүйесіне жаңадан 9 құрметті атақ енгізілді. Соның ішіндегі екі марапат алғаш рет тапсырылды.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын кезінде айтты.
"Әлемдік додаларда топ жарып, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген аруларымыз да бар. Біз қажырлы еңбегімен, ерен ерлігімен танылған қыз-келіншектерді мақтан тұтамыз. Тәуелсіздік жылдары өз саласының үздігі атанған 8 әйелге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді. Биыл елімізде – "Жұмысшы мамандықтары жылы". Қазір осы саладағы білікті мамандардың мәртебесін көтеру үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, мемлекеттік марапаттар жүйесіне жаңадан 9 құрметті атақ енгізілді. Бүгін осындай екі марапат алғаш рет тапсырылады", - деді Тоқаев.
"Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы" атағы еңбек ардагері Ольга Шелудькоға берілді.

Сурет: akorda.kz
Ал өндіріс озаты Майра Ерманова "Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері" атанды.
"Осындай нағыз еңбек адамдарына бүкіл ел болып құрмет көрсетіп, оларды жан-жақты дәріптеуіміз керек. Жұмысшы мамандықтары жылының түпкі мәні де – осы", - деді Президент.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев 8 наурыз қарсаңында қазақстандық әйелдерді түрлі саладағы қызметі үшін марапаттаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript