Ақтөбеде заңсыз аңшылықпен айналысқан ауыл тұрғындары тұтқындалды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2025 11:07 Фото: pxhere
9 наурыз түнгі уақытта Қобда ауданы Қызылжар ауылының учаскелік полиция инспекторы әкімшілік учаскесін аралау кезінде үйлердің бірінің ауласында бірнеше ер адамның елікті сойып жатқанын байқаған.

Олардың екеуі жергілікті тұрғындар болып шықты. Оқиға орнынан төрт елік ұшасы, екі пышақ, патрондар және тіркелген мылтық табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар күдіктілерге тиесілі Mitsubishi Delica көлігі мен қарда жүретін екі көлік аудандық полиция бөлімі аумағына тұраққа қойылды.

Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жері бойынша қосымша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер ТОЗ-34Р тіркелмеген мылтық және бірнеше патронды тапты.

Сондай-ақ аталған күдікті тіркелмеген қос ұңғылы мылтық, бірнеше гильзалар мен әртүрлі калибрлі патрондарды өз еркімен тапсырды. Заңсыз аң аулау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: