Петропавлда науқастың өтінен көлемі тауық жұмыртқасындай тас шықты

Петропавл дәрігерлері науқастың өтінен көлемі тауықтың жұмыртқасындай тас алып шықты.
Ота қалалық көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасында жасалды.
58 жастағы әйел қуырылған тамақ жегеннен кейін іші ауырып, дәрігер көмегіне жүгінген, деп жазады qazaqstan.tv.
Бір тәулік бойы жағдайы дұрысталмаған соң ақ халаттылар ота жасауды ұйғарыпты.
Операция 1,5 сағат бойы жалғасқан.
Нәтижесінде хирургтар науқастың өтінен 3 кесек тас алып шықты. Мамандардың айтуынша қазір науқастың жағдайы қалыпты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript