Алматыға жаңбыр жауып, ауа температурасы 15°С-қа дейін көтеріледі

Астана қаласының ауа райы болжамы
14 наурызда: құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Қара мұз. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -8-10°, күндіз 0 градус шамасында.
15 наурызда: құбылмалы бұлтты, түнде қар жауады. Ауа температурасы түнде -3-5°, күндіз +1+3°.
16 наурыз: құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр). Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6°, күндіз +2+4°.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
14 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-2°, күндіз +11+13°.
15 наурызда: құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +13+15°.
16 наурыз: құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +13+15°.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
14 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +2+4, күндіз +17+19°.
15-16 наурыз: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +17+19°.