Қазақстан табысы жоғары елдер қатарына енді

Деньги, тенге, калькулятор, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2025 10:39 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел тізгінін қолына алғанына алты жыл. Осы аралықта Қазақстан коронавирус пандемиясынан бастап жаһандық геосаяси шиеленістерге дейінгі сын-қатерге қарамастан, экономикалық дамуда елеулі нәтижелерге жетті.

Былтыр ғана ЖІӨ 288 миллиард долларды құрады. Осылайша, Қазақстан табысы жоғары мемлекеттер тобына жақындады.

Бүгінде Мемлекет басшысы мұнайдан тыс салаларды дамытуға басымдық беріп отыр. Экономиканы әртараптандыру да кезек күттірмейтін маңызды міндет екенін алға тартты.

Кейінгі 5 жылда өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 31,4%-ке, құрылыста 96,3%-ке өсті. Жалпы өнеркәсіп құрылымында өңдеуші кәсіпорындар өз үлесі бойынша өндіруші сектормен теңесті, деп жазады 24.kz арнасы. 

Былтырдың өзінде өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 1,3 триллион теңге болатын 180 инвестициялық жоба іске асырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: