Алты жылда республикалық маңызы бар 4400 шақырым жол жаңғыртылды

Кейінгі алты жылда республикалық маңызы бар 4,4 мың шақырым жолды, оның ішінде Орталық – Шығыс, Орталық – Оңтүстік, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахан және басқа да күре жолдарды реконструкциялау аяқталды.
2024 жылы 12 мың шақырым көлік магистралі құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды, оның 8 мың шақырымы республикалық, ал қалған 4 мың шақырымы жергілікті жолдарға тиесілі.
Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ кейінгі алты жылда 250-ге жуық жол бойында сервистік жаңа нысандар салынды, деп жазады 24.kz арнасы.
Ұлттық стандартқа сай келетін қызмет көрсету нысандарының үлесі 52%-тен 90%-ке дейін ұлғайды.Теміржол көлігі арқылы жүк тасымалдау көлемінің өсуімен қатар жолдарды жөндеу жұмыстарына деген қажеттілік те арта түсті.
Жыл сайынғы күрделі жөндеу көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 41%-ке өсті. Алты жыл ішінде барлығы 3 мың шақырым теміржолға күрделі жөндеу жұмыстары жүрді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript