Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Македония Республикасының Президенті Гордана Сильяновска-Давковаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылдың 17 наурызында Ақорданың Telegram-каналында белгілі болды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді", – деп жазлыған ресми ақпаратта.
Кочани қаласындағы түнгі клубтағы өрт 2025 жылдың 16 наурызына қараған түні болды. Оқиға салдарынан 50-ден астам адам қаза тапты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript