Наурызнама-2025: "Шаңырақ" күнінде 56 жұп некесін қиды

Наурызнама-2025, Шаңырақ күнінде 56 жұп некесін қиды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2025 16:13 Сурет: Zakon.kz/Михаил Ионов
Кеше Наурызнаманың үшінші күні шаңырақ күнінде 56 жұп некесін қиды. Атаулы датаға орай салтанатты түрде неке қию рәсімі ұйымдастарылды. Оған ықылас білдірген 4 жұп қатысты.

Ал 25, 50 жыл отасқан ерлі-зайыптылар жастарды құттықтап, кеңес берді. Биыл 1 қаңтардан бастап елордада 17 мыңнан астам неке тіркелген, деп жазады qazaqstan.tv.

"Біздің отбасымыздың ең алғашқы мерекесі Наурыз мерекесімен, қазақтың жаңа жылымен, дәстүрлі киіммен әдемі өтуіне мүмкіндік берілгеніне шын жүректен қуаныштымыз. Басқа адамдарға қарағанда біз салтанатты өткеніне қатты қуаныштымыз." Айнела Қожахметова, қала тұрғыны

Отбасы құрғанымызға 25 жыл. Жастар отбасын құрып отыр. Соларға тілейтінім бар – жақсылық, шыдам, түсінік болу керек бір-біріне. Сонымен мықты отбасы болғанын, көпбалалы бақытты болғанын тілеймін,- дейді Абай Жылқышиев, қала тұрғыны.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: