Солтүстік Қазақстан прокурорлары проблемалық борышкерлерді жауапқа тартты

Накопление, накопления, сбережение, сбережения, деньги, финансы, тенге, инвестирование, инвестиции, капитал, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2025 14:44 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қадағалау органының үйлестіруімен жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі ҚК) 139-бабы бойынша 3 алиментші қылмыстық жауаптылыққа тартылды, тағы 2 – сотқа жеткізілді, олар бойынша сот ісін талқылау жүргізілуде.

Мысалы, кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған ауданаралық соттың 2025 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен борышкер кәмелетке толмаған баланы асырау туралы алименттік міндеттемені (4,9 миллион теңге қарызы бар) 6 айдан астам орындамағаны үшін, ҚК-ның 139-бабына сәйкес 1 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды.

Алимент төлемдерін өндіріп алу бойынша сот актілерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің (бұдан әрі ӘҚБтК) 669-бабына сәйкес 23 қасақана борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның прокурорлармен қозғалған қаулыларының негізінде – 15 іс.

Осылайша, Айыртау аудандық сотының 2025 жылғы 17 ақпандағы қаулысымен ӘҚБтК-ның 669-бабына сәйкес, аудан прокурорының бастамасымен жүргізілген іс бойынша алиментші 5 күн мерзімге қамауға алынды.

Жыл басынан бері құқық бұзушылықтарды жою мақсатында алимент өндіру мәселесі бойынша құқық қорғау органдарына 13 ұсыныс жіберіліп, нәтижесінде 10 сот орындаушысы түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде алименттік қарыз 13 миллион сомаға өтелді.

Қазіргі уақытта қарыздың қалдығы 240 миллион теңгені құрайды, ол бойынша тиісті жұмыс жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: