Астана – Степногорск автожолында жол апаты болды: зардап шеккендер бар

Астана – Степногорск автожолында жол апаты болды: зардап шеккендер бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2025 11:58 Сурет: Zakon.kz
Астана – Степногорск автожолында Hyundai Creta және Chevrolet Niva көліктері соқтығысты. Ұлттық ұлан әскери қызметшісі жол апатынан зардап шеккендерге көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы сәтте Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының 3517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Ақкөл ауылынан Степногорск қаласына бара жатқан еді.

Оқиғаны байқаған қатардағы Бауыржан Ахметов бірден зақымдалған көліктерге жақындап, жарақат алған жүргізушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

"Мен тек өзімнің міндетімді орындадым. Қиын сәттерде әскери қызметшілер әрдайым адамдарға қол ұшын созуы керек", - деді аға санитарлық нұсқаушы Бауыржан Ахметов.

Әскери қызметшінің жедел әрекетінің арқасында зардап шеккендердің жағдайы медицина қызметкерлері келгенге дейін тұрақталды.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері ұландықтың кәсібилігін жоғары бағалап,  оның әрекеттерінің дұрыс болғанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: