10 миллион теңгелік мәміледен кейін әкімнің орынбасары мен кәсіпкер бас бостандығынан айырылды

Тенге, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2025 13:46 Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік қызметкерлері мен кәсіпкер пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот актісімен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі орынбасарының және ТҮКШ бөлімі басшысының жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жергілікті кәсіпкерден 10 000 000 теңге пара алғаны анықталды.

Бұлтартпас дәлелдер болса да, жауапқа тартылған үш адам өз кінәларын мойындамай, жасаған істеріне өкінбеген.

Алайда, мемлекеттік айыптау пара беру және алу фактілерін даусыз дәлелдеген.

Петропавл қалалық соты прокуратураның ұстанымымен келісіп, кінәлі тұлғалар барлығы 3 жыл 6 айдан бастап 7 жыл 6 айға дейін нақты түрде бас бостандығынан айыруға сотталған, оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымда болуға тыйым салынған.

Сотталғандар жазаларын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде өтейтін болады.

2025 жылғы 14 ақпанда соттың үкімі заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: