2025 жылы қанша қазақстандық әскери дайындыққа шақырылады

Военная служба, военнослужащие, военнослужащий, военные, военный, армия, солдаты, солдат, вооруженные силы, военные учения, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2025 09:15 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2025 жылғы 20 наурыздағы "Әскери қызметшілерді 2025 жылғы әскери дайындыққа шақыру туралы" бұйрығын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылы 3000 мерзімді әскери қызметші әскери дайындыққа шақырылады, делінген мәтінде.

Бұйрық 12 сәуірде күшіне енеді.

Бұған дейін 2023 жылы әскери дайындыққа 1500 адам қабылданғанын, 2024 жылы әскери дайындыққа шақырылғандар саны 3000-ға жеткізілетінін хабарлаған едік.

Еске салайық, әскери дайындық жыл сайын өткізіледі және 30 күнге дейін созылады. Бұл ретте әскери қызметшілерді оқу-жаттығу жиындарына және кері қайтару Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен темір жол немесе автомобиль көлігімен жүзеге асырылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: